427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Калифорния штатында өрт сөндіру бөлімшесіндегі атыстан бір адам көз жұмды

  • 61
  • UPD: 10:57, 02.06.2021
Калифорния штатында өрт сөндіру бөлімшесіндегі атыстан бір адам көз жұмды

АҚШ-та тағы атыс. Калифорния штатындағы өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкері әріптестеріне атыс ашқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алған. Қаскөй оқиға орнынан ізін суытып, жақын маңда орналасқан өз үйінде тығылған. Кейін баспанасынан өрт шықты. Мамандар тілсіз жауды тікұшақпен ауыздықтағаннан кейін күдіктінің өлі денесін тапқан. Тәртіп сақшылары күдікті өз-өзіне қол жұмсағанын айтады.

Дэрил Осби, Лос-Анджелес округінің өрт сөндіру басқармасының басшысы:

- Өрт сөндірушілердің жұмысы өте ауыр. Әдетте олар адамдарды құтқара үшін  өз бастарын қауіпке тігеді. Алайда мамандардың өрт сөндіру қызметінің бөлімшесінде отырып зардап шегуі мүмкін деп еш ойлаған жоқпын.

Хабар 24 телеарнасы