Тунисте мигранттар мінген қайық суға батып кетті

Тунис жағалауында Африка мигранттары мінген қайық Жерорта теңізі арқылы Ливиядан Италияға өтпек болған кезде апатқа ұшырады.

Кем дегенде 23 адам құрбан болды, деп жазады The Star.

«Тунистің әскери-теңіз күштері 70 мигрантты құтқарды, ал тағы 23 адам Ливиядан Еуропаға бара жатқан қайықта суға батып кетті», - делінген.

Бортта 90-нан астам адам болған.