426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перу билігі коронавирустан болған өлім-жітім көрсеткішін қайта есептеп шығарды

  • 77
  • UPD: 15:59, 02.06.2021
Перу билігі коронавирустан болған өлім-жітім көрсеткішін қайта есептеп шығарды

Перу билігі Сovid-19-дан болған өлім-жітім көрсеткішін 2,5 есе арттырып, қайта қарады.

Соның нәтижесінде ел жан басына шаққандағы коронавирустық инфекциядан болатын өлім көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орынға шықты.

Мемлекеттің премьер-министрі Виолета Бермудестің мәлімдеуінше, көрсеткіштер Перу және халықаралық сарапшылардың ұсынысы бойынша қайта қаралып, онда елдегі артық өлім жағдайлары ескерілді.

Жаңа мәліметтерге сәйкес Перуде пандемия басталғаннан бері 180 764 адам қайтыс болған. Ескі есеп бойынша бұл көрсеткіш 69,3 мыңнан асқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы