Израильде жаңа президент сайланды

Жергілікті парламенттегі 120 депутаттың сексек жетісі Ицхак Герцог үшін дауыс берген.

60 жастағы саясаткер диаспорамен байланыс жөніндегі Еврей агенттігіне басшылық етеді. Оның әкесі Хаим Герцог та 1983-1993 жылдар аралығында Израиль президенті болған. Қазіргі мемлекет басшысының өкілеттігі 9 шілдеде аяқталуы тиіс.

Айта кеткен жөн, Израиль парламенттік мемлекет саналады. Билік премьер-министрдің қолында. Ал президент тек белгілі бір рәсімдерді ғана атқарады.