Ресейде халықаралық экономикалық форум ашылды

Пандемия басталғалы әлемдегі алғашқы ауқымды іскерлік шара бүгін Ресейде жұмысын бастады.

Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысушылар бетпе-бет кездеседі. Былтыр індет кесірінен іс-шара өткен жоқ. Биыл қонақтар саны 5 мыңмен шектеледі. Оның екі мыңы шетелдіктер. Барлығы ПТР-тесттің теріс нәтижесін көрсетуі тиіс. Форум қарсаңында қалада санитарлық шаралар күшейтілді. Шараны ұйымдастыратын 3 мыңдай қызметкерге екпе салынды. Тест өткізетін 50 алаң жұмыс істейді, олар әуежайда, вокзалдарда және мейманханаларда орналасқан. Әлдекім коронавирус жұқтырып алса, оларды 20 аурухана қабылдауға дайын. 4 күн бойы форумға қатысушылар әлем экономикасындағы сын-қатерді талқыға салады.

Гузель Улумбекова, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру мен басқару бойынша жоғары мектеп ректоры:

- Халықаралық қатынастар және пандемияны еңсеру бойынша түрлі елдің тәжірибе бөлісуіне қатысты көптеген сауал бар. Атап айтқанда, пандемияның демографиялық, экономикалық және психологиялық салдары және оның халық денсаулығына әсері. Осындай сәтте халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңызы зор.

Константин Маркелов, Астрахань университетінің ректоры:

- Жұрт бетпе-бет кездесуді сағынып кетті. Мұнда біз экономика, инновациялық жобалар, дамумымыздың болашағын талқылаймыз. Алайда мұның бәрі адамдардың қауіпсіздігімен байланысты.

Сондай-ақ...