Иранның мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

Иран астанасындағы мұнай өңдеу зауыттарының бірінде өрт шығып, кәсіпорындағы барлық жұмыс тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Зауыт басшылығы өндіріс ошағына ешқандай қасақана әрекет жасалмағанын айтады. Қазір тілсіз жауды ауыздықтау үшін ондаған өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Сондай-ақ...