Шенген аймағына тағы 3 мемлекет қосылуы мүмкін

Еуроодақ Шенген аймағын кеңейтіп, нығайтуды көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

26 мемлекетті қамтитын визасыз аймаққа келешекте тағы 3 мемлекет кіруі мүмкін. Брюссель, сондай-ақ Еуроодақтың сыртқы шекарасын қорғауды күшейтуге ниетті. Осы мақсатта Ливия, Марокко және Түкиямен мигранттарға байланысты ынтымақтастықты нығайту жоспарланған. Бұдан бөлек, Еурокомиссия коронавирус пандемиясы кезінде жабылған шекараны ашып, одақ аумағында адамдар мен тауарлардың еркін қозғалуын қалпына келтіруді қолға алатынын айтады. 

Илва Йоханссон, ішкі істер жөніндегі еурокомиссар:

– Еуропалық одақта белгіленген талаптарды орындаған елдер Шенген аймағына кіруі тиіс. Қазір визасыз аймаққа қосылу үшін қойылатын шарттарға Болгария, Румыния және Хорватия сай келеді. Еуропалық одақ кеңесі жуық арада осы мәселеге қатысты шешім қаблдауы мүмкін.