АҚШ-та екі жасөспірім полицияға оқ атты

Американың Флорида штатында 14 жасар қыз бен 12 жасар ұл полиция қызметкерлеріне ұрланған қарумен оқ атқан. Бұл туралы ABC News хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, балалар интернаттан қашып кеткен. Олар біреудің үйіне ұрлыққа түсіп, сол жерден АК-47 автоматын, тапанша мен оқ дәріні қолды қылған.

Ұрлық туралы хабарламадан соң оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жасөспірімдерден үйден шығуды талап еткен. Бұған көнгісі келмеген қыз бен ұл полицияға оқ атқан. Бірақ атыс кезінде жасөспірім қыздың өзі жарақат алды. Осыдан соң ұл полицияға берілген.  

Енді екеуі кісі өлтірмек болды және қару қолдана отырып ұрлық жасады деп айыпталуда.