Иранда «Харк» атты алып кемеде өрт шықты

Мамандар тілсіз жаумен біраз уақыт арпалысқанмен оны өшіру мүмкін болмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 20 сағат бойы лапылдаған су көлігі Оман шығанағына батып кетті. Абырой болғанда порттағы барлық экипаж мүшелері мен курсанттар дін аман. Мамандар шамамен 400 әскериді эвакуациялап үлгерген. 20 адам жеңіл жарақат алған. Өрттің нақты шығу себебі әлі анықталған жоқ. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. Айта кетейік, «Харк» кемесі Иранның әскери теңіз күштеріне 40 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен.

Сондай-ақ...