NASA Шолпанды зерттеуді қайта қолға алады

АҚШ ғарыш агенттігі 30 жылдық үзілістен кейін Шолпан ғаламшарын зерттеуді қайта қолға алмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы NASA-ның жаңа басшысы Билл Нельсон мәлімдеді. Осы мақсатта агенттік Күн жүйесіндегі ең ыстық ғаламшарға Davinchi+ және Veritas деп аталатын екі ғарыш апппаратын аттандыруы мүмкін. Davinchi Шолпанның атмосферасын зерттеп, ғаламшарда мұхиттың болған болмағанын анықтаумен айналысса, Veritas оның бет-бедерін суретке түсіріп, геологиялық картасын құрумен шұғылданатын болады. Қос миссия 2028-2030 жылдарға жоспарланған.

Билл Нельсон, NASA басшысы:

– Бұл миссиялар біздің жер шарымыздың қалай дамығанын және күн жүйесіндегі өзге ғаламшарлардан өзгешелігін түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз. Астрономия бұл сұрақтарға жауап іздегенде маңызды рөл атқарады.