Данияда легодан ең үлкен футбол добы құрастырылды

Данияда әлемге әйгілі балалар ойыншықтарын шығарушы Лего компаниясы ең ірі футбол добын құрастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша бірлестік маусымның 11-іне белгіленген Еуропа чемпионатының ашылуын тақауын атап өтті. Ал 200 мың бөлшектен тұратын алып доптың биіктігі – 4 метр, салмағы 2 жарым мың тонна. Оны құрастыруға 150 сағат кеткен. Айта кетейік, өткен жылы Еуропа чемпионаты індеттен өтпей биылға шегерілген болатын.  

Йеспер Вилструп, Lego компаниясының бас атқарушы директоры:

– Әлемде миллиондаған адамдардың айналысатын екі ойыны бар. Ол футбол мен лего. Егер екеуін құрастырсақ, үлкен доп шығады. Бұл адамзаттың ойлап тапқан екі кереметінің қосындысы.