426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та ковидті жұқтырғандардың саны азайды

  • 88
  • UPD: 14:18, 03.06.2021
АҚШ-та ковидті жұқтырғандардың саны азайды

АҚШ-та ковид індетін жұқтырғандардың бір аптадағы көрсеткіші орташа есеппен 20 мыңға дейін түскен.

Бұл − пандемия басталғалы ең төменгі меже. Мамандар бұл вакциналаудың нәтижесі дейді. Шілдеде екпе салуды 70 процентке дейін жеткізу жоспарланған. Бүгінде дерттен америкалықтардың 33 миллионы вирусты жұқтырып, 600 мыңға жуығы қайтыс болды.

Билл Де Блазио, Нью-Йорк қаласының мэрі:

− Нью-Йорктегі ауырғандардың саны бір процентке де (0,83%) жетпейді. Пандемия басталғалы мұндайды көрмеген едік. Бұл жаңа рекорд.

Карлос Дел Рио, медицина ғылымдарының докторы:

− Америкалықтардың барынша вакциналануы − қоғамның қауіпсіз болуының кепілі. Дегенмен екпе алуға әлі де белсенділігі осал топтар бар. Солармен жұмыс істеуді жалғастыруымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы