Қытайда тоғыз адамды пойыз қағып кетті

Қытайда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімшіден Ханчжоуды бетке алған жолаушылар пойызы (Чжэцзян провинциясы) теміржол қызметкерлерін қағып кетті.

Қайғылы оқиға салдарынан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлайды Қытайдың орталық телевидениесі.

Оқиға Ганьсу провинциясындағы Цзиньчан уезі аумағындағы жолдың 401-шақырымында болған.

Алдын ала болжам бойынша, тоғыз жұмысшы көз жұмды.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда, жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ...