Канн фестиваліне қатысушылар 48 сағат сайын тест тапсырады

Пандемияға байланысты биыл Канн фестивалінің қатысушылары үшін арнайы талаптар қойылады. Олардың қолында коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын растайтын сертификат болу керек.

Кері жағдайда әр 48 сағат сайын ПТР-тест тапсырып отыруға тура келеді. Тексеруден өту тегін. Зертхана фестиваль өтетін ғимарат маңында орналасқан. Ол тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді. Айта кеткен жөн, жыл сайынғы Канн кино-фестивалі биыл 6 және 17-ші шілде аралығына жоспарланған. БыЛтыр коронавирус салдарынан шара дәстүрлі форматта өтпей қалған еді.   

Тьерри Фремо, Канн кинофестивалінің директоры:

- Әрине бәріміз де фестивальдің бұрынғыдай маскасыз және көп адамның қатысуымен өткенін қалаймыз. Алайда пандемияны әлі еңсерген жоқпыз. Әзірге шара қатысушыларыны санына қатысты шектеу жоқ. Десе де, сақтық шараларын сақтауымыз керек.