SpaceX кемесі ғарыш станциясына жүк алып ұшты

Америкалық «СпейсЭкс» компаниясы Халықаралық ғарыш станциясына «Фэлкон-9» зымыранын ұшырды.

Ол ғарыш станциясындағы экипажға арналған 3,3 тонна жүк жеткізуі тиіс. Оның ішінде зерттеу құралдары, азық-түлік және екі күн батареясы бар. Бұған дейін НАСА станциядағы күн батареяларының ескіре бастағанын хабарлаған еді. Айта кетейік, «Фэлкон-9» зымыраны американдық «СпейсЭкс» жекеменшік компаниясына тиесілі. Ал Халықаралық ғарыш айлағына жүк тасымалдау АҚШ Ғарыш агенттігімен келісім-шарт бойынша жүзеге асырылады.