427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақта цифрлық ID-әмиян қолданысқа енеді

  • 95
  • UPD: 11:52, 04.06.2021
Еуроодақта цифрлық ID-әмиян қолданысқа енеді

Жаңа цифрлық платформаға арнайы қосымша арқылы кіруге болады. Мұнда адамның жеке басын куәландыратын ақпарат пен құжаттар сақталады.

Мысалы, білімін растайтын дипломдар мен жүргізуші куәлігін де осы қосымша арқылы алуға болады. ID-әмиян арқылы еуропалық тұрғын өзге елде көлікті жалға алып, банкте арнайы шот ашып, салық декларациясын тапсырып, тіпті оқуға да түсе алады. 

Электронды паспортта адамның саусақ іздері сақталады. Жеке бас ақпараттың тізімін кез келген тұрғын өзі шешпек. Мамандар барлық мәліметтің қауіпсіз сақталатынына уәде беріп отыр. Жоспар бойынша енгізілетін бұл жүйе арқылы алдағы бес жылда 27 мың жаңа жұмыс орыны ашылмақ. Қазір Еурокомиссия цифрлық әмиянды 2022 жылы іске қосу үшін тиісті құжаттарды дайындап жатыр.

Маргрет Вестагер, Еурокомиссияның вице-президенті:

- Еуропалық цифрлық әмиян арқылы біз Одаққа мүше кез келген елде еш қиындықсыз және қосымша шығынсыз жұмыс істей аламыз. Сонымен қатар өзге елде бола тұра заңды түрде пәтер жалдап, банктерден шот ашу қиынға соқпайды.

Хабар 24 телеарнасы