Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай қайтадан шиеленісті

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай қайта шиеленісе бастады. Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Тәжікстан тарапы Қырғызстанның 1 мың шаршы метр аумағына кіріп, Ош облысының Чоналай ауданындағы Унжу-Булак мекенінде контейнер қойған. Және шекара маңына әскері мен техникасын шоғырландыра бастаған. Қырғыз шекарашылары жағдай ушықпау үшін күш салғанымен Тәжікстан шекара өкілдері жауап бермей жатқанын айтады. Осыған байланысты шекарадағы жасақтарын күшейтілген режимге көшірген. Және мәселені шешу үшін екі ел арасындағы шекараны белгілеу бойынша қырғыз делегациясының басшысы мен үкімет өкілдері оқиға орнына аттанды.