Африкада шалғай елді мекендерге вакцина дрондармен жеткізіледі

Гана билігі батыс Африканың шалғай елді мекендеріне коронавирусқа қарсы вакцинаны дрондармен жеткізе бастады.

Дрондар 55 минуттың ішінде 160 шақырым жерге дейін ұша алады екен. Осындай жолмен бүгінге дейін 25 мыңға жуық доза екпе жөнелтілді. Аппаратты ұсынып отырған америкалық компанияның айтуынша, қазір Ганадағы 800-ге жуық медицина мекемесін вакцинамен қамтамасыз етіп отыр. Дрондардың нақты келу уақыты алдын ала хабарланады. Жерге қонар алдында 5 минут бұрын дәрігерлерге WhatsApp арқылы тағы хабарлама келеді. Кейін жерге түскен дәрі дереу тоңазытқышы бар көліктер арқылы медицина орталықтарына жеткізіліп, жергілікті тұрғындарға егіледі. Ал вакцинаның температурасы сақталуы үшін препарат арнайы суық қаптамада сақталады. Мамандардың айтуынша, логистиканың бұл түрі қаржыны да, уақытты да үнемдейді. Жоспар бойынша дрондар арқылы Ганадағы ауылды жерлерге 2,5 млн доза вакцина жеткізілуі тиіс.

Сондай-ақ...