ХЕҰ: биыл әлемде жұмыссыздар саны артады

Биыл әлемде жұмыссыздар саны артып, 220 миллионға жетпек.

Халықаралық еңбек ұйымы зерттеулерден кейін осындай қорытындыға келіп отыр. Бұл коронавирус індеті шыққанға дейінгі көрсеткіштен біршама жоғары. 2019 жылы дүниежүзінде жұмыссыздық 187 миллион адамды құраған. Ұйым өкілдерінің айтуынша, пандемиядан әйелдер мен жастар және көлеңкелі бизнесте жұмыс істеген 2 млрд адам зардап шеккен. Және өте кедей жұмысшылар қатары да артқан. Сондықтан халықтың осал топтарын әлеуметтік тұрғыдан қалпына келтіруге бағытталған стратегиясыз кедейшілікпен күрес еш нәтиже бермейді дегенді айтады.

Гай Райдер, Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры:

Індеттен кірісі төмен елдердегі жұмыссыздықпен күрес қиындап, жағдай нашарлай түседі. Ал бай елдерде жетілдірілген салық-бюджет саясаты мен вакцинаға қолжетімділіктің жоғары болуынан дағдарысты жеңіл еңсереді деп ойлаймыз.