Франция АҚШ-қа екінші Азаттық мүсінін сыйға тартады

АҚШ-та тағы бір Азаттық мүсіні пайда болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әңгіме бүкіл әлемге танымал нысанның көшірмесі жайлы. Ол XIX ғасырда Францияда жасалып, Париждегі мұражайда сақталған. Алдағы күндері көшірмені АҚШ-қа жіберу жоспарланып отыр. Француздардың «сыйы» Нью-Йоркке Американың Тәуелсіздік күніне орай, яғни 4 шілдеде жеткізілуі тиіс. Артынша ол Вашингтонға аттандырылып, Франция елшілігі алдында орнатылуы керек. Жалпы америкалықтардың бүкіл әлемге танымал нысаны – Азаттық мүсінін 1886 жылы франуздар жасап, АҚШ-қа жіберген болатын. Оның биіктігі – 92 метр, салмағы 200 тоннадан асады. Көшірменің өлшемдері түпнұсқадан 16 есе кіші болып отыр.

Мари Лаура Эстигнард, Des Arts Et Metiers мұражайының директоры:

- Екі мүсін де Франция мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынасты және қос мемлекеттің егемендігін білдіреді. Америкалықтардың тәуелсіздік туралы декларациясы 1776 жылы қабылданған. Бізде 1789 жылы Ұлы француз революциясы басталды. Яғни, екі оқиға арасындағы айырмашылық 13 жыл. Бұл қос мемлекеттің тарихында ұқсас тұстардың көп екенін білдіреді.

Сондай-ақ...