Ауғанстанда вакцина жетіспей жатыр

Ауғанстанда COVID-19 дертімен байланысты ахуал көңіл көншітпей тұр. Қазір елдің 16 провинциясы қауіпті індеттің құрсауында.

Тәуліктік көрсеткіш 1 жарым мың адамға жетеді. Қос өкпесі қабынып, ауруханаға түсіп жатқандар көп болғандықтан жансақтау бөлімдерінде орын тапшылығы сезіле бастаған. Оттегі қоры таусылуға жақын.

Мамандардың айтуынша, жағдайдың ушығуына тұрғындардың сақтық шараларына салғырт қарауы мен азаматтардың Үндістанға жиі баруы себеп. Вакцинаны жеткізудегі қиындықтар да індеттің өршуіне түрткі болып тұр.

Гулам Дастагир Назари, Ауғанстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Қазір елде коронавирус дағдарысы өршіп тұр. Оттегі жетіспеушілігі қаупі өте жоғары. Дәрігерлер әрбір науқасты аман алып қалу үшін жан алысып жатыр. Ал елге жеткізілуі тиіс болған вакцинаның 3 миллион дозасы тамызда бір-ақ келетін болды. Оны жақында ғана білдік. Негізі бұл препараттарды біз сәуірде алуымыз керек еді.

Сондай-ақ...