426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбритания: G7 ірі компанияларға кіріс салығын біріздендіруге келісті

  • 104
  • UPD: 09:17, 06.06.2021
Ұлыбритания: G7 ірі компанияларға кіріс салығын біріздендіруге келісті

«Джи 7» елдері трансұлттық компанияларға кіріс салығының біріңғай ортақ межесін енгізуге келісті.

Енді оның көлемі 15 проценттен төмен болмауы керек. Құжатқа Ұлыбританияда өткен «Джи 7» қаржы министрлерінің кездесуінде қол қойылды. Келісім «Google», «Amazon» және «Facebook» сынды алпауыттарды барлық елде бірдей салық төлеуге міндеттейтін болады. Яғни ірі компаниялардың түрлі салықтық жеңілдіктер ұсынатын елдерде тіркелуге тосқауыл қойылуы мүмкін. Келісім-шарт «Үлкен жиырмалық» елдерінің саммитінде де талқыланып, бекітілуі ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы