Бразилияның кедей аудандарында күн панельдері орнатыла бастады

Рио-де-Жанейроның кедей аудандарына күн панельдері орнатылып, тұрғындар баламалы электр энергиясының артықшылықтарын сезіне бастады.

Қазірге дейін арзан панельдер 200-ден астам ғимарат пен бірнеше мектептің төбесіне қойылған. Жақында күннен қуат алатын тақтайшалар тағы 40-қа жуық үйге орнатылған.

Шараны ұйымдастырушылар кедей аудандардың тұрғындарын арзан электр энергиясымен қатар, жұмыспен де қамтуды қолға алған. Қазірге дейін күн панельдерін құратын 50-ге жуық адам инженерлік білім алып шықты.