427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузияда шектеу шаралары жеңілдеді

  • 97
  • UPD: 14:45, 06.06.2021

Жергілікті билік қоғамдық тамақтану орындарының ашылуына рұқсат берді.

Ал коменданттық сағаттың уақыты кешкі 9-дан емес, 11-ден басталатын болды. Сонымен қатар, демалыс күндері ғимарат ішіндегі мейрамханалар  да кәсібін дөңгелете береді. Бұған дейін олардың жұмысына тыйым салынған еді.

Аймаққа келген туристердің де саны артып келе жатқаны байқалады. Жергілікті кәсіпкерлер бұған дән риза. Аспазшылар мен сала қызметкерлері де сүйікті жұмысына білек сыбана кірісіп жатыр. Бірақ меймандардың қарасы әлі де аз. Десе де мейрамхана иелері жағдайдың оңалатынына үмітті. Таяуда жергілікті билік аймақтағы коменданттық сағат уақытын қысқартқан еді. Алайда пандемияға дейінгі жағдайға оралу үшін әлі ерте деген пікір айтады кәсіпкерлер.

Малхаз Нуцубидзе, меймарханалар желісінің басшысы:

Бұрын халық жұмыстан сағат 6-да қайтатын. Ал қазір шектеулер алынған соң, жұмыс соңында келушілер қарасы артып, біраз қиындықтар туындап жатыр. Себебі, осы біраз уақыт ішінде бәріне үлгеруіміз керек.

Малхаз Нуцубидзе мейрамханалары өткен жылы бірнеше ай ғана жұмыс істей алған. Биыл наурыз айында ашылды. Бүгінде келушілердің саны 50 проценттен сәл асады.

Елде кейбір қоғамдық тамақтану орындары әлі күнге дейін жабық тұр. Өйткені ірі мерекелік іс-шаралардың ұйымдастырылуына билік рұқсат бермей отыр.

Шота Бурджанадзе, мейрамхана иелері қауымдастығының басшысы:

 – Мейрамханалардың 40 проценті жабылды. Көбі кәсібін өзгерткен. Қазір шағын отбасылық мейрамханалардың дәурені жүріп тұр. Екпе егу науқаны қарқын алса, үлкен мейрамханалардың да жұмысы жанданады деген үміт бар. Өкінішке орай, былтыр көптеген қызметкерлерімізден айрылып қалдық. Олардың барлығы басқа салада нәпақасын тауып жүр. Кейбіреулері шет елге кетті. Сондықтан маман тапшылығы мәселесі де туындап отыр.

Қиындықтарға қарамастан кәсіпкерлер мойымай, жергілікті биліктен қолдау күтеді. Таяуда ғана Тбилиси мэриясы 200 дәмхананы жыл соңына дейін жалдау ақысынан босатты. Шекара қызметі жуық арада аймаққа келген саяхатшылардың саны артады деп отыр.

 Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили.

Хабар 24 телеарнасы