Африкада содырлар 138 ауыл тұрғынын өлтірді

Буркина-Фасоның Солхан ауылына белгісіз қарулы топ шабуыл жасап, 138 адамды өлтірді. Осыған байланысты, Африка билігі елде үш күнді қаралы деп жариялады.

Құрбандар арасында 7 бала бар. Тағы ондаған тұрғын жарақат алған. Содырлар үйлер мен базарды өртеген. Сарапшылар кісі өлімі бойынша бұл ел тарихындағы ең қанды қырғындардың бірі деп бағалады. Әзірге шабуылды ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.

Виргиние Каборе, жергілікті тұрғын:

– Коронавирусқа қарсы вакцина бар. Одан құтыла аламыз. Ал терроризммен қалай күреспекпіз? Лаңкестіктен құтылатын жол жоқ.