Венецияда алып кемелер мен жолаушылар қоршаған ортаны ластауда

Италияда былтыр індет басталғалы алғашқы саяхат кемесі сапарға аттанды.

Венециядан шыққан лайнерде бар болғаны 650 жолаушы бар. Негізі оған 3 мыңға дейін адам отыра алады. Жолаушылардан коронавирус тестінің теріс нәтижесі талап етілген. Салмағы 92 тоннаға жететін алып кеме Хорватия және Грекияға барады. Осындай лайнерлердің Венеция арқылы өткеніне жергілікті тұрғындардың пікірі екі ұдай. Саяхат кемесін шығарып салу рәсіміне 30 қайыққа мінген наразы белсенділер де келді.

Естеріңізге сала кетейік, Венеция арқылы соңғы круиз лайнері соңғы рет 2019 жылдың қарашасында өткен болатын.

Марта Сотторива, жергілікті тұрғын:

– Біз осы Венецияның тұрғынымыз Осында наразылық білдіру үшін келдік. Біз үлкен кемелердің бұл жерден өткеніне қарсымыз. Мұндай алып кемелер мен ондағы қаптаған адамдар қоршаған ортаны ластап жатыр.

Марко Баравалле, жергілікті тұрғын:

Біздің күресіміз ұзаққа созылатын сияқты. Себебі біз өте үлкен қаржылық топтардың мүддесіне қарсы шығып жатырмыз деп ойлаймын. Венеция халқынан сұрасаңыз, олардың ешбірі осындай алып кемелердің біздің қала арқылы өткенін қаламайды.