Шри-Ланкада су тасқыны мен лай көшкінінен 14 адам көз жұмды

Тағы 2 тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда жаңбырдың тоқтамай жауып тұрғанына бірнеше күн болды. Салдарынан фермерлер зардап шегіп отыр. Өйткені күріш алқаптарын су басқан. Біраз жолдар бүлініп, қатынау да қиындады. 800-ден аса үйге зақым келген.

Джагат Кумара, жергілікті тұрғын:

- Су тасқынының басталғанына бірнеше күн болды. Біздің ауданда бүкілінің баспанасын су басты. Сондықтан көбі үй-жайын тастап, уақытша лагерлерді паналауға мәжбүр.