Флорида штатында атыстан үш адам қаза тапты

Флорида штатындағы Майами-Дейд округінде болған атыс салдарынан үш адам қаза тауып, тағы алты адам зардап шекті.

Бұл туралы RT хабарлайды.

Оқиға Майами-Дейд округіндегі мейрамханада жанында болған. Сол жерде мейрамханадан шыққан адамдарға көліктен оқ атылған.

Зардап шеккен алты адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы бірқалыпты.

Қазіргі уақытта оқ атқандарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ...