АҚШ-та мектеп бітіру кешіндегі атыстан үш адам қаза тапты

АҚШ-тың Флорида штатында мектеп бітіру кешінде атыс болып, үш адам қаза тапты және тағы бес кісі жарақат алды.

Оқиға Кендалл қаласындағы мейрамханада орын алды. Кеш өтіп жатқанда екі көлік тұраққа кіріп, адамдарға оқ атқан. Салдарынан салтанатта жүрген бірнеше адам зардап шегіп, кейбіреуі қайтыс болды. Марқұмдардың арасында осы шаһардағы түзету орталығының бір қызметкері бар. Жарақат алғандар дереу ауруханаларға жеткізілген. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Альфредо Фредди Рамирес, Майами-дейд округі полициясының басшысы:

– Осы оқиға қару қолдану арқылы жасалатын қылмыстың қоғамда қаншалықты қауіпті екенін тағы көрсетіп отыр. Біз бейбіт замандағы мұндай сорақылықты тоқтату үшін бар күшімізді салуымыз керек. Шаһарда жақында ғана заңсыз қаруды тәркілеу бойынша операция жүргізілген еді. Бірақ оған қарамастан қайғылы оқиға тіркеліп отыр. Сондықтан мұндайды тоқтату үшін әлі де көп жұмыс істеуіміз керек.

 

 

 

Сондай-ақ...