426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Йемендегі жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болды

  • 68
  • UPD: 09:36, 07.06.2021
Йемендегі жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болды

Йеменнің Мариб қаласында жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 17 адам көз жұмды. Бірнеше тұрғын жарақат алған. Мерт болғандардың арасында бейбіт тұрғындар мен балалар да бар. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі өзінің твиттердегі парақшасында хабарлады. Белгілі болғандай, баллистикалық зымыран сауда орталығының маңында орналасқан жанармай құю бекетінде жарылған. Жарылыстан бірнеше автолөліктің күлі көкке ұшқан. Құтқару операциясы кезінде ұшқышсыз аппарат тағы бірнеше жедел жәрдем көлігін жарып жіберген. Жергілікті билік қанды оқиғаға Иранның қолдауындағы хусит бүлікшілерді кінәлап отыр.

Айта кетейік, Мариб ­ Йеменнің мұнайға бай өңірі. Хуситтер шаһарды басып алу үшін шабуылын ақпан айында бастаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы