Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен Меган Маркл қызды болды

Ханзада Гарри мен оның жары Меган Марклдың екінші баласы дүниеге келді.

Ата-анасы қыз баланың есімін Лилибет Диана деп қойды. Бірінші есімін Елизаветта II құрметіне қойған. Бұл оның отбасында қойылған лақап аты еді. Ал екінші есімі ханшайым Диананың есімімен қойылған. Ханшайымның 11-ші шөбересі Лилибет Диана Санта-Барбарадағы ауруханада дүниеге келді. Сәбидің салмағы 3 келі 200 грамм болды. Дәрігерлер бала мен ананың жағдайы жақсы екенін айтады.