Канададағы оқушылардың өлімі: БҰҰ оқиғаны тергеуге шақырды

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі агенттігі Ватикан мен Канададан осы елдегі мектеп-интернатта байырғы ұлттың 215 баласының қаза болуын тергеуге шақырды.

Канаданың өзінде жаппай наразылық шаралары өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Канаданың Британиялық Колумбия провинциясындағы Камлупс мектебінде 215 баланың денесі табылған. Католиктік шіркеумен байланысты оқу орны 1978 жылы жабылған. Бірақ мамыр айындағы оқиғаның қалай өрбігені әлі беймәлім. Канада Премьер-министрі Джастин Трюдо болса оқиға үшін католиктік шіркеуді айыптап, Ватиканнан осы оқу орындары туралы құжаттарды талап еткен. Ал осы мектеп-интернатта оқығандардың айтуынша, оларға бұл оқу орындарында үнемі зорлық-зомбылық көрсетілген.

Ричард Грантон, шеруші:

Канада билігі мектеп-интернаттағы әрекетті геноцид деп тануы керек. Бірақ Трюдо оны мойындағысы келмейді. Сондай-ақ Үкімет мектеп-интернатта зорлық-зомбылықты бастан кешкендерге өтемақы төлеуі тиіс. Олар коронавирусқа қарсы күреске миллиардтаған доллар бөлгенімен, осындай оқу орындарынан жапа шекккендерге қаржы бергісі жоқ.