Израильде маска тағу режимі жеңілдетіледі

Израильде маусымның 15-інен бастап жабық ғимараттың ішінде маска тағу міндетті болмайды.

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрі хабарлады. Алайда бұл жеңілдіктің мектептерге еш қатысы жоқ. Аймақта 12 мен 15 жас аралығындағы балалар екпе қабылдай бастаса да, білім ордасында әзірге бетпердесіз жүруге болмайды.

Естеріңізге салайық, маусымның 1-інен бастап Израильде санитарлық талаптар жеңілдей бастаған. Десе де шекарадан кіріп шығу ережесі әлі де қатаң сақтаулы.