427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбритания Португалияны «жасыл тізімнен» шығарып тастады

  • 68
  • UPD: 14:14, 07.06.2021
Ұлыбритания Португалияны «жасыл тізімнен» шығарып тастады

Ұлыбритания қауіпсіз аймақ деп саналатын «жасыл тізімнен» Португалияны шығарып тастады.

Бұған себеп өңірдегі эпидахуалдың ушығуы деп отыр британ билігі. Енді санитарлық ережеге сай маусымның 8-інен бастап бұл елден келетін кез келген британдық 10 күн карантинде отырып, екі мәрте коронавирусты анықтайтын тест тапсыруы тиіс. Заңдағы өзгеріске Португалияда демалып жүрген Англия тұрғындарының өкпесі қара қазандай. Демалушылар еліне жоспарланған мерзімнен бұрын қайту үшін Фару халықаралық әуежайында билеттерін ауыстыра бастады. Наразы жұрт қосымша шығындалып, демалыстарының ерте аяқталғанына шағымданады. Португалия премьер-министрі болса Ұлыбританияның бұл шешімін қатаң сынға алып, Лондонға Еуропада мақұлданған цифрлық сертификат үлгісін енгізуді ұсынды. Айтуынша, бұл халықтың қозғалысын шектемеуі үшін қажет.

Патрик Мортон, британдық турист:

Көптен күткен жақсы демалыстың шырқы бұзылды. Елге келгеннен кейін 10 күн бойы карантинде отыра алмаймыз. Сондықтан Ұлыбританияға ерте қайтуға тура келеді. Оның үстіне қосымша шығынға батып отырмыз. Өте ыңғайсыз.

 

Хабар 24 телеарнасы