Шри-Ланкада су тасқыны 17 адамның өмірін қиды

Зардап шеккен 270 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Жаңбырлы күндерден кейін аралдық елдің оңтүстік және батыс жазықтарындағы өзендер арнасынан асып, мыңдаған адам көмек орталықтарына орналасқан.

«Су деңгейі төмендеп жатыр, бірақ су тасқыны туралы ескертулер 10 ауданда әлі күшінде», - деп мәлімдеді Ұлттық апаттарға қарсы күрес орталығы директорының орынбасары Прадип Кодипили.

Ақпарат көзі: unian.net