«Диснейлендте» өрмекші адамның робот нұсқасы қонақтарды таңғалдырды

Сырттан ол өрмекші адамның киімін киген каскадер сияқты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті роботты тірі адамнан ажырату мүмкін емес. Құлтемір зәулім ғимараттарға секіріп, күрделі трюктерді жасап келушілердің көңілін жаулап жүр. Әр жасаған қимылы дұрыс орындалуы үшін онда арнайы датчиктер орнатылған. Өрмекші роботтан бөлек, «Диснейлендте» жаңа Web Slingers аттракционы мен жаңа кампус ашылды. Онда түрлі шоу көрсететін Питер Паркер және басқа да танымал кейіпкерлерді кездестіруге болады.

Айта кетейік, саябақтағы жаңа кампус өткен жылы ашылуы керек болатын. Алайда әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы шараны бір жылға кейінге шегерді.