Германияда автокөліктер су астында қалды

Германияның батыс Саксония ауданында бірнеше күн бойы төпелеп жауған жауын салдарынан су тасқыны басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақтағы өзен арнасынан тасып кеткен. Салдарынан Бертельсдорф қаласының көшелері суға толды. Кей жерлерде жиналған су белуарға дейін жетеді. Көше жолдарындағы автокөліктер су астында қалып жатыр. Құтқарушылар тұрғын үйлердің іші де жиналған суды тазарту жұмыстарына кірісіп кетті. Жергілікті билік дауыл мен нөсер жауын болады деп алдын ала ескерткен болатын.

Айта кетейік, Германияда таяуда болған дауыл салдарынан бір ер адам мен 12 жасар қыз бала ажал құшты.