Энн Ходжес – тарихта метеориттің тікелей соққысына ұшыраған жалғыз адам

Метеориттердің біздің планетаны мазалап тұратын белгілі.

Дегенмен олардан пайда болатын жарқылды аспаннан байқау өте сирек кездеседі. Және үлкен сынықтары жерге жиі түсе бермейді.

Алайда метеориттен адамның зардап шеккені туралы тарихта жалғыз оқиға бар. Оның кейіпкері – Энн Ходжес.

Оқиға 1954 жылы 20 ақпан күні Американың Алабама штатындағы Силакога қаласында болған. Энн Ходжес түстен кейін үйінде ұйықтап жатады. Қара тас үйдің шатырын бұзып өтіп, қабырғаға соғылып, Энның денесіне құлайды.

Кейінірек Силакога тұрғындары сол күні аспанда түтінмен қоршалған жарқылды көргендерін, содан кейін тарс еткен қатты дыбыстың естілгенін айтады.

Геологтар да үйге шағын метеориттің құлағанын растайды. 

Зардап шеккен Энн Ходжес дереу ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті көмек көрсетілген. Ішінен жарақат алған ол кейін ана да атанды. Энн метеоритті Табиғат тарихы мұражайына тапсырған, тас осы күнге дейін сақталып тұр.

Ақпарат көзі: mydiscoveries.ru

Аударған: Әжмұхан Баян