Миллиардер Джефф Безос 20 шілдеде ғарышқа аттанады

Әлемдегі ең бай адам, Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос 20 шілдеде өзінің бауырымен бірге ғарышқа аттанатынын мәлімдеді.

Олар ғарышқа өздеріне тиесілі Blue Origin компаниясының New Shepard кемесімен аттанбақ.

«Бес жасымнан бастап ғарышқа ұшуды армандадым. 20 шілдеде бауырыммен бірге осындай сапарға аттанғалы отырмыз», – деп жазды Безос Instagram-дағы парақшасында.

Ағайындылардан бөлек ерекше сапарға арнайы ұйымдастырылған онлайн-аукционның жеңімпазы да барады. Жолаушыларға арналған жалғыз жолдаманың тағдыры 12 маусымда онлайн сауда-саттық кезінде анықталады.