Нью-Делиде карантин жеңілдетілді

Үндістанда өткен 1 тәулікте 100 мың 639 адам коронавирус жұқтырды. Осылайша науқастар саны 29 миллион адамға жуықтады.

Ал бір тәулікте 2427 тұрғын індеттен көз жұмған. Мамандар соңғы 45 күнде күнделікті кісі өлімі алғаш рет 2500 адамдық межеге жетпеді деп, қуана хабарлап отыр. Коронавирустың беті қайта бастаған соң ел астанасы Нью-Делиде бүгіннен бастап ең қажетті заттар сататын дүкендер мен дәріханалар жұмыс істеп жатыр. Ал басқа дүкендер, супермаркеттер мен базарлар күн ара ашылып отырады. Сондай-ақ метро да іске қосылды. Бірақ жолаушылар саны 50 проценттен аспауы керек.