Apple IOS 15-ті енгізді: ол несімен ерекше

Apple IOS 15-ті енгізді: ол несімен ерекше
applestatus.ru

WWDC конференциясында Apple iOS 15 мобильді платформасының жаңа нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды деп хабарлайды «Хабар 24». RT баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, амалдық жүйенің жаңа нұсқасында FaceTime бейне чат қосымшасы фондық шуды жояды және фонды бұлдырлатады, сонымен қатар браузерде жұмыс істей алады. FaceTime-де сондай-ақ SharePlay функциясы пайда болады, ол Apple Music-тен музыка тыңдауға, фильмдер, телешоулар, TikTok және Twitch-те видеолар көруге мүмкіндіктер береді.

Сонымен қатар iOS 15 хабарламалар логикасын өзгертеді, яғни пайдаланушыға маңызды нәрсеге көңіл бөлуге мүмкіндік жасап, жаңа операциялық жүйе камера немесе фотосуреттер арқылы мәтінді тану функциясын қосады.

AirPods құлаққабы үшін де жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Кеңістіктегі дыбыс қаттырақ шығартын болады.

Сондай-ақ планшеттер үшін iPadOS-та үлкен өзгерістер болғандығы атап өтілді.

IOS 15 және iPadOS 15-ті ашық тестілеу осы айда басталып, жаңа нұсқаларды шығару ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған.