Дельфин 6 жасар баланың қолын тістеп тастады

Оқиға Одессадағы «Немо» дельфинарийінде 6 маусым күні болған.

Белгілі болғандай, ойын-сауық орталығына анасымен келген 6 жасар бала дельфинге қолын созған. Сол сәтте дельфин баланың қолын тістеп тастайды. Бала дереу ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның қолын тігіп береді.

Анасы баласына дельфинге жақындамауды ескертпегенін, сондықтан сол жердегі қызметкерлерге шығымы жоғын айтқан.

Ал қызметкерлердің айтуынша, дельфиндердің өнер көрсетуі кезінде дауыс зорайтқыштар арқылы төрт рет ескерту болатынын, бассейнге жақындап, қолды созудың қажеті жоқ екенін хабарлап отырған.

Оқиғадан кейін ойын-сауық орталығының қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейтеміз деп уәде берді.

Ақпарат көзі: unian.net