426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Генри Форд құрастырған алғашқы көлік (видео)

  • 70
  • UPD: 14:15, 08.06.2021
Генри Форд құрастырған алғашқы көлік (видео)

19 ғасырдың аяғында Эдисон электр компаниясында қарапайым инженер-механик болып жұмыс істеген Генри Форд өз компаниясын құру үшін инвесторлардан қаражат жинаудың жолын іздейді.

Болашақ кәсіпкер бос уақытында өз шеберханасында Ford Quadricycle атты жанармаймен жүретін алғашқы автокөлігін жасап шығарады.

Дөңгелектеріне 4 велосипед шиналарын пайдаланады, моторы 4 ат күшіне ие және көлік 32 км/сағ дейін жылдамдықты еңсере алған.

11 литрлік жанармай бөшкесі орындықтың астында орналасқан. 

Алғашқы сынақ 1896 жылы 4 маусымда өтеді, бірақ бәрі жоспарланғандай болмайды. Генри Форд шеберхана есігінің енін есептемеген, ал Ford Quadricycle көлігі есіктен сыймай қалған. Қабырғаның бір бөлігін сындыруға тура келеді.

Туындысының көптеген тұсаукесерінен кейін Форд 28000 АҚШ долларын ұсынған үш инвестордың қолдауына ие болады. Ол кезде де бұл аз ақша.

Алты жылдан кейін Генри Форд өз компаниясын құрады. 1908 жылы Ford Model T-дің жаппай құрастырылуы басталып, Фордқа даңқ пен танымалдылық әкеледі.

Ақпарат көзі: mydiscoveries.ru

Хабар 24 телеарнасы