Франциядағы Greenpeace белсенділері Бразилиядағы ормандарды отауға наразы

Францияда Greenpeace белсенділері Бразилиядан келген жүк кемесін сыртына «Орманды отауды тоқтатыңдар» деп жазып, наразылық білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белсенділердің айтуынша кемеде ірі қара малды жемдеуге арналған 60 тонна соя күнжарасы бар. «Бұл Бразилиядағы ормандарды отаудың басты себебі», - дейді олар. Ресми дерекке сүйенсек, Франция жыл сайын 3,5 миллион тонна соя импорттайды.

Сесиль Леуба, Greenpeace ұйымының мүшесі:

- Біз француз үкіметінің өзге елдердің ағаш импорттау үшін ормандарды отауына қарсы ешқандай шара қолданбай отырғанын айыптаймыз. Бразилиядан келген мына кемеде ондаған тонна соя күнжарасы тиелген. Ол жақта соя ормандардың оталып, экожүйенің бүлінуіне әкеп жатқан басты себеп.