Өзін хирург ретінде таныстырған күзетші науқасқа операция жасаған

Пәкістанда аурухана күзетшісі Мұхаммед Вахид Батт науқас Шамима Бегумның отбасына өзін дәрігер ретінде таныстырған.

Олардың сеніміне кірген күзетші науқастың арқасына операция жасап беретінін айтып, ақша талап еткен.

Батт ауруханада жұмыс істейтін жұмысшымен бірге науқасқа операция жасайды. Операциядан кейін де ол әйелдің үйіне келіп жағдайын тексеріп тұрады. Бұл қызметіне де ол ақы сұрайды. Біраз уақыттан соң әйелдің жағдайы күрт нашарлап ауруханаға түседі, алайда оны дәрігерлер құтқара алмаған.

Әйел қайтыс болғаннан кейін ғана оған дәрігер емес, күзетшінің операция жасағаны белгілі болған және бұл бірінші жағдай емес екені анықталған. Ер адамның бұған дейін де науқастардан ақша талап еткені туралы ақпарат бар.

Күзетші қамауға алынды.

Ақпарат көзі: lenta.ru