Үндістанда вакциналау науқаны қарқындады

Үндістанда вакциналау қарқын алды. Бұған медицина қызметкерлерінің үлесі зор. Олар таулардан асып, көпірі жоқ өзендерді кешіп өтіп, шалғай ауылдарға жетті. Осының арқасында коронавирус жұқтырғандар саны азая бастады. Соңғы 1 күнде 87 мың науқас анықталған. Сарапшылар бұл кейінгі 2 айдағы ең төменгі көрсеткіш дейді.

Шамшуддин, Раджури ауданы денсаулық сақтау департаментінің өкілі:

- Өзендерден өту қиын, бірақ біз алған бетімізден қайтпаймыз. Дарияның суы көтерілгенде ауыл тұрғындарынан көмек сұраймыз. Олар аянбайды, бірден қашырын әкеліп, өзеннен өткізеді.

Малайзия астанасы Куала-Лумпурда 2 жылжымалы вакциналау орталығы іске қосылды. Бұл елде де екпе салу науқаны жанданды. Жақын арада жылжымалы вакциналау орталықтарының саны 40-қа жетеді. Малайзияда бұған дейін 2 жарым миллионға жуық адам екпенің бірінші дозасын салдырған. Бұл 32 миллион тұрғынның 10 процентіне де жетпейді.

Сондай-ақ...