Атлант мұхитындағы апаттан 25 мигрант құтқарылды

Кәрі құрлыққа табан тіреу үшін басын қатерге тігіп, елінен қашып шыққандардың саны толастамай тұр.

Таяуда 25 мигрант отырған кеме Атлант мұхитында апаттан құтқарылды. Заңсыз келімсектерді британдық сауда кемесі байқап қалған екен. Мигранттарды Гран-Канария аралы қабылдады. Испанияның жағалау күзеті оларды Аргине-гин қаласының портына жеткізген. Барлығы дәрігерлердің жіті бақылауынан өтті. Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, биыл Канар аралдарына ағылған заңсыз мигранттардың саны 2020 жылмен салыстырғанда 117 процентке артқан. Ал Испанияның ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың басынан мамырдың 30-ына дейін Канар аралдарына теңіз арқылы 5 мың 386 мигрант келген.

Сондай-ақ...