Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны азая бастады

Үндістанда вакциналау қарқын алды. Бұған медицина қызметкерлерінің үлесі зор.

Олар таулардан асып, көпірі жоқ өзендерді кешіп өтіп, шалғай ауылдарға жетті. Осының арқасында коронавирус жұқтырғандар саны азая бастады. Соңғы 1 күнде 87 мың науқас анықталған. Сарапшылар «бұл кейінгі 2 айдағы ең төменгі көрсеткіш» деп отыр

Шамшуддин, Раджури ауданы Денсаулық сақтау департаментінің өкілі:

– Өзендерден өту қиын, бірақ біз алған бетімізден қайтпаймыз. Дарияның суы көтерілгенде, ауыл тұрғындарынан көмек сұраймыз. Олар аянбайды, бірден қашырын әкеліп, өзеннен өткізеді.

Сондай-ақ...