Пәкістанда темір жол апатынан қаза тапқандар саны 65-ке жетті

Пәкістанда болған темір жол апатынан қаза тапқандардың саны 65-ке жетті.

Тағы шамамен 100-ден астам адам түрлі жарақат алған. Қайғылы оқиға болған кезде екі пойызда 1 мыңнан астам жолаушы болған. Алдын ала болжам бойынша апатқа шойын жолдағы рельстер торабының сынуы себеп болды. Соның салдарынан пойыз өз жолынан шығып кеткен. Тергеу ісі әлі де жалғасып жатыр.

Естеріңізге салайық, маусымның 7-сі күні Синд провинциясында екі жолаушылар пойызы бір бірімен соқтығысып қалған еді.

Сондай-ақ...