Ауғанстанда HALO Trust британ-американдық ұйымының 10 қызметкері өлтірілді

Ауғанстанда бетперде таққан содырлар HALO Trust деп аталатын британ-американдық ұйымның 10 қызметкерін өлтірген.

Аталған коммерциялық емес ұйым миналарды залалсыздандырумен және жарылмай қалған оқ-дәрілерді жоюмен айналысады. Тағы 14 адам жарақат алған. Бұл туралы 1TV телеарнасы хабарлады.

Ауғанстанның ресми өкілдері шабуылды «Талибан» ұйымы жасаған дегенді алға тартып отыр.

1TV мәліметінше, оқиға елдегі Баглан провинциясында болған.

HALO Trust 1988 жылы құрылған, әлемнің түкпір-түкпірінде 8 мыңнан астам қызметкері бар.

Сондай-ақ...